Ибрайымова Бақыт » Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Мойынқұм ауданының әкімдігінің білім бөлімінің «Амангелді атындағы шағын орталықты орта мектебі» Education Department of Kerbulak district
Жамбыл облысы
Мойынқұм ауданы білім бөлімінің
"Амангелді атындағы орта мектеп"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
13
September
2021

Ибрайымова Бақыт

Сабақтың  тақырыбы :
 «Тәуелсіздік  - қасиет тұнған ұлы ұғым»


Мақсаты: Қазақстан   Республикасының Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай оқушыларға Мәңгілік еліміздің жарқын белестерін насихаттау


«Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық және ортақ келешек»

Н.Назарбаев                       


Күтілетін нәтиже : Оқушылар Мәңгілік Ел, Қазақстанның тәуелсіздігі туралы мәлімет алады, талдайды, Отанға деген құрмет, сүйіспеншілік, патриоттық сезімдері артады.


Сабақ  барысы :

Өткізілетін орны : Амангелді атындағы шағын орталықты орта мектебі

Сыныпты екі топқа бөлеміз: «Қазақ», «Алаш»

Екі топ тәуелсіздік туралы өлеңдер оқиды, екі топта постер құрып Мәңгілік елдің мағынасын ашады


1 оқушы :

  • Қазақстан, Қазақстан – алтын күн,
  • Жанымызды жарылқайтын жарқын күн,
  • Аталдың сен барлық әлем тілінде,
  • Атыменен «қазақ» деген халқымның
  • Атады әне тағы да бір таң күліп,
  • Жүректерде арман отын жандырып,
  • Қазақстан – бізді туған ұлы Отан
  • Жайнай бер сен, жасай бер сен мәңгілік
  • 2 – оқушы:
  • 16 – желтоқсан – қазақ елінің мәртебесін жоғарылатып шоқтығын биіктетер айтулы мереке. Бабаларымыздың мирас еткен, білектің күші, найзаның ұшымен біріктіріп ел еткен ҚР – дың тәуелсіздік алғанына – 30жыл.
  •  «Ел болмысы – өткен тарихтан» демекші, қазақ халқының жүріп өкен жолына көз жүгіртіп көрейік.
  • 3-оқушы: Алтайдан Атырауға дейін созылып жатқан көшпенді қазақ жұртының бағзыдан бергі ірге тепкен қонысы.
  • 4-оқушы: Ұлан –ғайыр атырап, Ертіс пен Еділге дейін, Арқа мен Алатаудың арасы – қазақтың алтын бесік жұрты.
  • 5-оқушы : Ұшқан құстың қанаты талатын осынау кең даланы біздің ата – бабамыз ғасырлар бойы ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап келді.
  • 6- оқушы: Түп шежіресі сонау ежелгі түркіден бастау алатын қазақ халқы өзінің жер бетінен жойылMay, іргелі ел, жоралы жұрт, қабырғалы қалпын салиқалы салтын сақтап қалғаны – оның еркіндік сүйгіштік жігерінің, асқақ рухының арқасы.
  • Бодандық бұғауынан босанып, бостандыққа қол жеткіздік, ата – бабамыз жете алMay, ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіздікке ие болдық. Қазақ елінің тәуелсіз ел болып, көк байрағын көкке көтергініне де, міне- 30 жыл.


1 – жүргізуші:

Ту тігілді халқымның бүгін бағына

Жас өрендер желбіретіп нық ұста,

Ғасырларға жалғастырып елдікті

Дақ түсірме ата –баба арына!

Үлгі бізге ағалардың ерлігі,

Ұлағатты өнегелі еңбегі

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі!

2-жүргізуші:

Жағасына жауының жетіп қолы

Тартып алған, Тәуелсіз күшпен өткен

Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы,

Олжа емес салбырап түскен көктен!

Қуаныш араласқасіретпен

Ерлік жолда қаншама ғасыр өткен

Еркіндігін ерлігін сақтау үшін,

Талай ердің бұл жолда басы кеткен.

Биіктей бер асқақтап, жоMarch халқым,

Өркендей түс, аяқталды тозақты күн.

О, тәңірім бізді баққа жолықтыр!

Бүгін міне, Тәуелсіздік ағайын,

Әр қазақтың жүрегі болып соғып тұр!

1 –жүргізуші:

Қазақстан салтанаты жарасқан!

Бір отбасы, бір туысқан бір-біріне қарасқан   Қазақстан- бүгін, міне, достықтың туын тіккен жер.

Мен не білемін ?

Мен жаңаша нені білдім?


  • ҚР тәуелсіздік күні - 16 желтоқсан
  • Желтоқсан көтерілісіне – 35 жыл
  • ҚР тәуелсіздігін алған танушы мемлекет Түркия


  • ҚР тәуелсіздігі мәңгілік
  • Қазақстан Мәңгілік Ел
  • Ойымды ортаға еркін айтамын
  • Тәуелсіздікті сақтауға үлес қосамын
  • Қазақстанды сүйемін

Сәті келген сұхбат:
 
 
 Сабаққа  қатысушы оқушылардан  сұхбат алу
 
 1. Оқушылардың өз ойларын жеткізудегі көңіліңізден  шықты ма?
 2. Мәңгілік Ел болашағы  қандай болады деген пікіріңіз бар?
 3.Сіздің көңіл күйіңіз?










Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив