Жылдық есеп - 2020 2021 оқу жылы
Амангелді атындағы шағын орталықты орта мектебінің тәрбие орынбасарының 2020-2021оқу жылында атқарған жұмыстарының есебі
Қазақтан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі №227 бұйрығымен бекітілген «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері» мен "Мәңгілік ел" жалпыұлттық идеясының құндылықтарын негізге ала отырып тәрбие жұмысының жылдық жоспар құрылып, бекітілді.
Тәрбие жүйесінің құрылымы:
- Әлеуметтік –педагогикалық қызмет;
- Психологиялық –педагогикалық қызмет;
- Ата-аналармен жұмыс;
- Сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігінің жұмысы;
- Өзін-өзі басқару жүйесі;
- Салауатты өмір салты орталығы;
- Құқық бұзушылықтың алдын-алу кеңесі;
«Қыз Жібек клубы»;
- «Адал ұрпақ» еріктілер клубы;
- Қамқорлық кеңесі;
«Жас Ұлан» ұйымы;
Тамыз айында барлық мектеп жасындағы балаларды оқуға тарту, аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға жан-жақты материалдық көмек көрсету мақсатында «Мектепке барар жол» акциясы ұйымдастырылды, аз қамтылған отбасынан шыққан біздің мектебімізде білім алатын оқушыларға кеңсе тауарлары берілді.Ауылдың ілкімді азаматтары, Малдыбеков Жеңіс, Кәсіпкер Уалиева Айнұр, ауылдық мешіт ұжымы, мектеп әкімшілігі көмектесті
Педагог –ұйымдастырушы Изабекова Сымбаттың ұйымдастыруымен мектебімізде жоспар бойынша өткізілетін мерекелік іс-шаралардың барлығы жоғары деңгейде жүргізілді. Атап айтсақ:
1 қыркүйек «Білім күні» барша оқушылар мен аяулы ұстаздардың асыға күткен мерекесі. Білім күні әр жыл сайын дәстүрге айналған Қ.Р конституциясының 25жылдығына орай «Конституция-менің ата заңым» тақырыбында білім сабағы өткізілді
5-7 сынып оқушылары арасында балалардың санасына дәстүрлі ұлттық және адамгершілік құндылықтарды жандандыру, отбасы негізінде қалыптастыру мақсатында "Менің отбасым" тақырыбында сурет салу байқауы ұйымдастырылып өткізілді . Байқауға әр сыныпта оқушыдан жалпы
27 оқушы қатысты. Сурет салу барысында оқушылар өз отбасы жайлы әңгімелеп, берілген тақырып бойынша сурет салды. Оқушылар белгіленген уақыт ішінде берілген тапсырманы дер кезінде орындап бітірді. Байқау соңында бекітілген қазылар алқасының қорытындысы бойынша, оқушылар жас ерекшеліктеріне қарай, марапаттарға ие болды. "Жас суретші" номинациясымен 5 сынып оқушысы Кемелбек Мейірім марапатталса, 3-орынды 5 сынып оқушысы Құрманғазы Нұрислам , 2-орынды 7 сынып оқушысы Әлмахан Хангелді , 1-орынды 6 сынып оқушысы Кәдірқұл Әнел, бас жүлдені 6 сынып оқушысы Тілеу Маржаниеленді. Байқауға қатысушы барлық оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.
Денсаулық күніне орай 8-9-10 сынып оқушылары арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, денсаулықты нығайту, көңіл күйді көтеру, сыныппен бірге ұйымшылдықты сезіну мақсатында «Денсаулығым өз қолымда» тақырыбында 100м,1000м жүгіруден марафон өткізіліп ,9сынып оқушысы Советхан Ислам бас жүлде алды, 5-7сынып оқушылары 100м жүгіру, биіктіктен секіру байқауы ұйымдастырылып, өткізілді. Байқауға жалпы - 10 сынып қатысты, әр сыныптан 15-20 оқушыдан қатысты. Оқушылар барлығы байқау шартында берілген ережеге сәйкес, бірегей формада киініп, түрлі жаттығуларды әуеннің ырғағымен орындады. Байқау соңында флэш-моб талаптарын жоғары дәрежеде орындаған 10 , 9 , 8 сыныптары мектептің мақтау қағаздарымен м
1 Қазан – Халықаралық Қарттар күніне арналған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді. «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері «Құрметпен қарттарыма сәлемдеме» атты акция ұйымдастырып қарт ата-апаларымыздың үйіне барып мерекелерімен құттықтап ризашылығына бөленіп қайтты. Акция «Қарттарым аман - сау жүрсін» тақырыбында кездесу кешімен жалғасты. Кешімізге аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы бастаған бір топ қарт аталарымызбен мектебіміздің қарт ата-апаларыда қатысты.Кешті мектеп директоры Альханов Жайнат ашып мерекелерімен құттықтады. Қарт ардагер ата-апаларымыз мектеп оқушыларының дайындаған олең, жыр шумақтарын тыңдап, мың бұралған бишілер тобының концерттік бағдарламасын тамашалап оқушыларымызға деген жылы лебіздерін білдірді. Кеш соңында «Жас Ұлан» ұйымының бір топ мүшелері қарт ата-апаларымзға гүл шоқтарын сыйға тарттып риза етті.
1-5 қазан күндері аралығында мектебімізде ұстаздар күніне арналған 1-10 сыныптар арасында түрлі іс-шаралар өткізілді. 11 сынып оқушылары сынып жетекшісі Р.Манабаева«Ұстаз халы анасы» атты мерекелік кеш ұйымдастырды. Кешке ұстаздар, мектеп әкімшілігі мен бір топ ардагер ұстаздарымыз қатысты. Мерекелік кеш мектеп АКТ залында мерекеге сай безендіріліп өткізілді. Кеште оқушыларымыз өздері дайындаған жыр шумақтарын,ән-би өнерлерін ұсатздарына тарту етіп, ұстаздардың ризашылығына бөленді. Кеш соңында бітіруші сынып оқушылары ұстаздарына арнап «Ұстазым» әнін хормен орындап мерекелік кешті аяқтады.
17 қараша күні мектебімізде 9-10 сынып оқушылары арасында
1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Мектеп АКТ залында 5-9 сынып оқушыларының қатысуымен «Менің Тұңғыш Президентім» атты мерекелік кеш өткізілді.Кешті мектеп директоры Б.Қ. Нұрманов ашып, барша мерекеге келген қонақтарды Тұңғыш Президент күні мерекесімен құттықтап жылы лебізін білдірді. Тұңғыш Президент күніне түрлі көрмелер ұйымдастырылды. Кеш Қазақстан Республикасының Әнұранын оқушылардың орындауымен ашылды. Елбасының өмірбаяны мен қызмет жолдары, жетістіктері, оқушыларымыздың дайындаған жыр-шумақтары, слайд, «Менің балалық шағымның аспаны» атты фильмінен үзінді, 2013 жылы ашылған Елбасының кітапханасынан үзінді көрсетілді. Кешіміз мектебіміздің «Кешті «Қазақстан – бақытты ел, Президенті танымды, Халқы қарымды, досы көп ел екенін мақтан тұтамыз!»-деген ұранмен аяқтап, «Атамекен» әнімен жабылды.
16 желтоқсан «Тәуелсіздік күні» мерекесіне арналған іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді.Әлемдік пандемияға байланысты санитарлық талаптарға баса назар аударылыды. Ара қашықтық сақталып ,қатысушылар толығымен маска киді . Мектеп АКТ залында 8-10 сынып оқушыларының қатысуымен «Тұғырың биік болсын Тәуелсіздік!» атты іс-шара өтті. Сахна мерекеге сай безендірілді.Ұстаздар мен 11 сынып оқушылары қатысты. Тәуелсіздік мерекесіне арналған іс-шаралар «Тұғырың биік болсын Тәуелсіздік!» атты әдеби сазды кешпен жалғасты. Кеш Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды. Мектеп директоры Ж.Альханов мерекелік кешті ашып, барша ұстаздар қауымын «Тәуелсіздік күні» мерекесімен құттықтап жылы лебізін білдірді. Іс-шараға жас ұлан ұйымының мүшелері белсене қатысып өз өнерлерін көрсетті. «Балдәурен» бишілер тобы дайындаған ән, би өнерлерімен,10 сынып оқушыларының дайындаған «Желтоқсан оқиғасықұрбандарына тағззым» атты көріністерімен қорытындыланды.
Обылыстық білім департаментінен және аудандық білім бөлімі нұсқауымен мектепте «Қызғалдақ»жобасына қатыстық. Жоспар бойынша қызғалдақтың суретінсалу,муляж жасау,эссе жазу,кинофильм түсіру жұмыстары атқарылды
17 наурыз күні мектебімізде 8-9 сынып оқушылары арасында қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыра отырып,қыздарды имандылыққа, инабаттылыққа, тәрбиелеу және ұлттық салт – дәстүрімізді, өнерімізді, тілімізді, дінімізді бойына сіңіру мақсатында, «Наурыздың әсем аруы» атты қыз сыны байқауы ұйымдастырылды.
Байқау мектеп АКТ залында тақырыпқа сай баннермен және шарларлармен безендіріліп өткізілді. Байқау 6- бөлім бойынша бағаланды. Онда:
1. «Мен қазақтың қызымын» атты өзін-өзі таныстыру /көрініс түрінде/
2. «Өнерліге өріс кең» атты өнер сайысы.
3. «Қыз-еркем,кестесімен көркем» атты қолөнер сайысы.
4. Сұрақ – жауап. /салт-дәстүрге байланысты/
5. «Ас мәзірі» сайысы.
6. «Көктем бейнесі» көрме.
Байқаудың ережесі бойынша қыздарымыз өз өнерлерін бараша көрермен қауымға паш етті. Байқау соңында 9 сынып оқушысы Қайрат Құралай
3-орынды, 8 сынып оқушысы Садығұлова Торғын 2-орынды, 8 сынып оқушысы Үркербаева Арайлым 1-орынды иеленсе , 8 сынып оқушысы Тәтібек Сабина Бас жүлдені жеңіп алды.
12сәуір «Ғарышкерлер» күніне орай мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. 2сынып жетекшісі Әбдіқашева Айбанудың ата-аналарымен,оқушыларымен бірлескен жұмыстарын ұсынгып отырмын
5 мамыр күні 9 мамыр Жеңіс күні мерекесіне орай, оқушыларды Ұлы Отан соғысында Қазақстандықтардың ерлік ісімен таныстыру мақсатында, мектеп АКТ залында "Ұлы ерлікке тағзым" атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылып өткізілді. Сахна мерекеге сай безендірілді. Аталған тақырыпта 5-6 сынып оқушыларының Жеңіс күніне арналған суреттер көрмесі ұйымдастырылды. Іс - шараға мектебіміздің ардагер ұстаздары шақырылып, мектеп әкімшілігі, 9-10 сынып оқушылары қатысты. Мерекелік іс-шара "Жойылсын соғыс" әнімен
6 және 7 сынып оқушыларының орындауында хормен айтылып ашылды. Соғыс жылдарындағы суреттерден слайд көрсетілді. 6 сынып оқушыларының соғыс жайлы, Жеңіс туралы тақпақтары, 4 сынып оқушыларының дайындаған "Тыныштық жаса, Тыныштық!" атты құттықтауларымен "Жеңіс туы желбіре" әндері және 8-9 сынып
Отбасы күніне орай «Отбасы – бақыт мекені» атты дөңгелек үстел өткізіп,
«Қарттарым – асыл қазынам» деген тақырыпта кездесулер ұйымдастырды. Рәміздерді насихаттау мақсатында қараша айында «Егеменді қазақтың рәміздері» атты жиналыс 5-7 сынып оқушыларымен өткізілді.
Ақпан, наурыз айларында «Көңіл күй шуағы» әлеуметтік – психологиялық акциясы, «Алғыс айту» күніне орай өткен акция, «Адамдарға күлкі сыйла» акциясы, «Болашаққа хат» әлеуметтік – психологиялық акциясы, «Арт-терапия» асфальтқа сурет салу акциясы өткізілді.
Мектепте құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмыстық істерді болдырмау жұмысы 4 бағытта жүргізіледі:
-ұйымдық – профилактикалық жұмыс
-құқықтық оқыту
-патриотизм,жан руханияттылық,адамгершілік
-салауатты өмір салты
Қыркүйек айында тәртіп бұзушылықтың алдын-алу және қылмысты болдырмау мақсатында жылдық жоспары құрылып, атқарылуда. «Қауіпсіз мектеп акциясы» ұйымдастырылып, жоспары бекітілді. «Қиын оқушылардың» әлеуметтік жағдайлары анықталып, акт жасалынды. Мектепішілік мұғалімдер арасында қаңғыбастықтың алдын-алу мақсатында ойын-сауық орталықтарына, темір жол бекетіне және орталық базарға кезекшілік ұйымдастырылып, өткізілуде.
Мектебімізде мектеп инспекторы полиция аға лейтенанты Жабасбаев.Б.С. жоғарғы сынып оқушыларымен кездесуді жоспар бойынша өткізіп отырды. Кездесулер «Құқық бұзушылықтың алдын алу», «Заң және біз» , «Мектеп ережесі», «Жаза және жасөспірім», «Біреудің мүлкін ұрлау», «Қылмыс қайдан шығады» тақырыптарда дәріс оқыды.
Қызбалалардың отбасындағы мектептегі және қоғамдық орындардағы ең басты тәлім тәрбиенің айнасы екені белгілі өкінішке орай Республикалық,облыстық,аудандық қызбала тәрбиесіне байланысты ерте жүктілік статистикасы жылма жыл өсіп келе жатыр.Қуанарлығы мектебімізде бұндай жағдай тіркелмеген.Енді осы қыздар тәрбиесіне байланысты мектеп әкімшілігі,қыздар комитеті, сынып жетекшілер,мектеп медбикесі,психологтар ата-аналармен бірлесіп жүйелі жұмыстар атқарудамыз.
Мектепте «Тәрбие отбасынан басталады» атты тақырыпта жалпы та-аналар жиналысы өткізілді.
. 18-21 қараша күні аралығында 7 «ә» сынып оқушысы Айылшы Мадина облыстық құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында, Тараз қаласындағы психологиялық түзету тренинг сабағына қатысып, сертификатқа ие болды.
8 сынып жетекшісі Құрманалиева .С.«Сен өз құқығынды білесің бе? атты тақырыпта тәрбие сағатын өткізді. Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс.Заңды аттамай,тура жолмен жүріп ,еліне адал қызмет еткен азамат мұратына жетеді.Сондықтан заңды білу-заман талабы. Сонымен қатар «Мектеп ережесімен таныстыру», «СПИД-ХІ ғасыр дерті» атты тақырыптарда сынып жетекшілер сынып сағаттарын өткізді.
15 сәуір мен 15 мамыр аралығында «Жол ережесінің қауіпсіздігі» атты айлық жоспары құрылып іс-шаралар өткізілді.
21 сәуір күні жылы «Жол қозғалысы инспекторы» атты мектепшілік байқауы өтті. Бұл байқауда 7-8 сынып оқушылары қатысып 8 сынып оқушылары 1 орынға ие болып ауданға жолдама алды.
Қазақстан Республикасының «Білім заңының» 1-ші тарау 6- баптағы 3-ші тармақтың 2-ші тармақшасы, 1 тарауы 8 -баптағы 2-ші тармағы және 2020-2021 жылдық жоспарының Мойынқұм ауданы әкімдігінің білім бойынша мектепке айлық іс-шара жоспары құрылып, бекітілді. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған 10 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылуда. Айлық барысында сыныптар арасында жәрменке ұйымдастырылды. Жиналған қаржыға әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасынан шыққан 6- оқушыға мектеп құрал жабдықтар, аяқ киім, қыстық сырт киім (куртка) тағы басқа көмектер берілді.
2020-2021 оқу жылы өткізілген тәрбие сағаттары бойынша:
1. Қазақстандық патриотизм және азаматтық,тәрбие, құқықтық тәрбие-17
2. Рухани-адагершілік тәрбие-13
3. Ұлттық тәрбие-18
4. Отбасы тәрбиесі-10
5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие-18
6. Көпмәдениетті және көркем –эстетикалық тәрбие-15
7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі-15
8. Дене тәрбиесі,салауатты өмір салты-22
Мектепте сынып жетекшілерінің бірлестікте атқарған жұмыстарын қортындылап 10-сынып жетекшісі З.А.Парымбекованың шығармашылық есебі өтті.
Жас маман, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Парымбекова Зарина 10сынып жетекшісі ,жаңашыл мұғалім.
Әль-Фарбидің, Ұлы ойшыл Абай Құнанбаевтың 175жылыдғына, Жамбыл Жабаевтың М.Мақатаевтың мерейтойларына байланысты бейнероликтер, челендждер,байқаулар,дңгелек үстелдер, буклеттер, сыныптарда тәрбие сағаттар өткізілді.
Дайындаған: Қойшығұлова А.Н.