Нормативтік құжаттар - Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Мойынқұм ауданының әкімдігінің білім бөлімінің «Амангелді атындағы шағын орталықты орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі http://amangeldy-moiynkum.mektebi.kz/ ru Нормативтік құжаттар - Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Мойынқұм ауданының әкімдігінің білім бөлімінің «Амангелді атындағы шағын орталықты орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі DataLife Engine Брокеражды комиссия құру туралы http://amangeldy-moiynkum.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/normativtk-zhattar/1329-brokerazhdy-komissija-ru-turaly.html http://amangeldy-moiynkum.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/normativtk-zhattar/1329-brokerazhdy-komissija-ru-turaly.html

]]>

]]>
admin Fri, 01 Sep 2023 11:49:56 +0600
Мойынқұм сайттары http://amangeldy-moiynkum.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/normativtk-zhattar/1325-mojynm-sajttary.html http://amangeldy-moiynkum.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/normativtk-zhattar/1325-mojynm-sajttary.html

]]>

]]>
admin Sun, 04 Jun 2023 11:38:39 +0600
№130 http://amangeldy-moiynkum.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/normativtk-zhattar/350-130.html http://amangeldy-moiynkum.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/normativtk-zhattar/350-130.html
]]>

]]>
admin Mon, 11 May 2020 07:04:13 +0600
№ 129 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы http://amangeldy-moiynkum.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/normativtk-zhattar/346--129-bjryyna-zgerster-engzu-turaly.html http://amangeldy-moiynkum.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/normativtk-zhattar/346--129-bjryyna-zgerster-engzu-turaly.html

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

МИНИСТЕРСТВО

ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

БҰЙРЫҚ

ПРИКАЗ

2020 жылғы 4 мамыры№ 177                      

         Нұр-Сұлтан қаласы                                      город Нур-Султан

«2019 - 2020 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттаудан өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020жылғы 3 сәуірдегі № 129 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Төтенше жағдай туралы»Қазақстан Республикасының2003 жылғы 8 ақпандағы Заңының 12-1-бабы 2-тармағының 2-бөлігіне, «Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы»2020 жылғы 16 наурыздағы Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының 1-тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның2020 жылғы 3 сәуірдегі№ 9 хаттамасының 4.1 тармағына сәйкесБҰЙЫРАМЫН:

1. «2019 - 2020 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттаудан өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 129 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20324болып тіркелген, 2020 жылғы 10 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1, 2, 3, 4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарында оқу жылы 2020 жылғы 25 мамырда аяқталсын.

2. Қорытынды аттестаттауды:

1) 9 (10) және 11 (12) - сыныптардың білім алушылары тапсырмайды, аттестат ағымдағы оқу жылының жылдық бағалары негізінде беріледі;

2) экстернат нысанында оқитындар қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, тоқсан бойынша жиынтық бағалау нысанында тапсырады;

         3) шетелге оқуға түсу үшін кеткенде немесе тұрғылықты орнын шетелге ауыстырған жағдайда, растайтын құжаттарын ұсынған 9 (10) және 11 (12) сыныптардың бітірушілері қашықтан білім беру технологияларын қолдана отырып онлайн режимінде қорытынды бітіру емтихандары және мемлекеттік бітіру емтихандары нысанында тапсырады;

         4) халықаралық алмасу желісі бойынша шетелге оқуға баратын және сол жақта білім беру мекемелерін аяқтайтын 11 (12) сыныпты бітірушілер 11 (12) сынып үшін 10 сыныптағы жылдық бағасын ескере отырып оқыған елдегі ағымдағы бағаларының негізінде тапсырады.

3. Облыстардың, Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары, сондай-ақ республикалық орта білім беру ұйымдары
 2019-2020 оқу жылын осы бұйрықтың талаптарына, «
Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген(Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191болып тіркелген) Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларысәйкес аяқтауды қамтамасыз етсін.

4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы   тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.»;

7-тармақ алынып тасталынсын. 

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі

А. Аймагамбетов

admin Fri, 08 May 2020 07:51:49 +0600
№ 123 08.04.2020 http://amangeldy-moiynkum.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/normativtk-zhattar/276--123-08042020.html http://amangeldy-moiynkum.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/normativtk-zhattar/276--123-08042020.html

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

МИНИСТЕРСТВО 

ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ

 РЕСПУБЛИКИКАЗАХСТАН

              БҰЙРЫҚ                                                                                                     ПРИКАЗ

№   ____________________                                                      от «___» ___________  202__  года

Нұр-Сұлтан қаласы                                                                                                                   город Нур-Султан                                                                                                              

08.04.2020-ғы № 135 шығыс хаты

COVID-19 коронавирустық инфекция кезеңінде

қашықтықтан білім беру технологияларына

оқу процесін көшіру кезінде

білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі

қосымша шаралар туралы

Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы жариялаған COVID-19 коронавирустық инфекция пандемиясы(бұдан әрі – пандемия)  кезеңінде қашықтықтан білім технологияларына оқу процесін көшіру кезінде білім беру сапасын қамтамасыз ету мақсатында,Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 12 наурыздағы №20 қаулысының негізінде, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның 2020 жылғы 16 наурыздағы №1және 2020 жылғы 17 наурыздағы №2 хаттамаларын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті және оның аумақтық департаменттері пандемия кезеңінде:

1) рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгенге дейін жүргізілетін өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне рұқсаттық бақылау жүргізуді тоқтатсын;

2) білім басқармаларынан және білім беру ұйымдарынан қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру жөніндегі есептілікті не ақпаратты талап етуге тыйым салсын;

3) заңнамада көзделмеген есептілік пен ақпаратты талап ету бөлігінде «Педагог мәртебесі туралы»Заңның талаптарын бұзатын, сондай-ақ педагогтердің өзге де құқықтары мен заңды мүдделерін бұзатын білім беруді басқару органдарының, білім беру ұйымдарының басшыларына қатысты заңнамада көзделген барлық шараларды қолдансын.

2. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармалары (келісім бойынша), аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері (келісім бойынша):

1) білім беру ұйымдарынан, педагогтерден қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру мәселелері бойынша есептілікті не ақпаратты талап етуге тыйым салсын;

2) білім беру ұйымдарына бара отырып, түрлі тексеру (мониторингтік) іс-шараларын өткізуді тоқтатсын;

3) педагогтерден есеп пен ақпаратты талап етудің заңсыз практикасын тоқтату үшін білім беру ұйымдарының басшыларымен түсіндіру және өзге де жұмыстар жүргізсін;

4) қашықтықтан білім беру технологиялары негізінде оқу процесіне ауыртпалықсыз және тиімді көшу мақсатында білім беру ұйымдарына барынша көмек көрсету және педагогтердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етсін;

5) қашықтықтан білім беру технологияларына оқу процесіне көшіру кезінде пайда болған проблемаларға дереу ден қойсын, қажеттілігіне қарай Білім және ғылым министрлігінемесе жергілікті атқарушы органдар алдында олардың деңгейінде шұғыл шешуді талап ететін мәселелерге бастамашылық жасасын.

3. Қоса беріліп отырған Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар бекітілсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Ш.Т. Кариноваға жүктелсін. 

5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Министр                                                                          А. Аймағамбетов

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2020 жылғы «___»___________

бұйрығына қосымша

Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру жөніндегі

әдістемелік ұсынымдар

1.  Қашықтықтан оқытуды қалай ұйымдастыруға болады

  1. Қашықтықтан оқыту форматын таңдау:
  2. теле сабақтар арқылы;
  3. интернет-платформаларды пайдалану;
  4. пошта арқылы немесе қолма-қол қағаз тасымалдаушылармен жіберу.
  5. Білім алушылар мен олардың ата-аналарын:
  6. қашықтықтан оқыту процесін ұйымдастыру барлық мектеп үшін қатаң бекітілген дәстүрлі кесте бойынша емес, икемді, жеке кесте бойынша өтетіні;
  7. мектептің оқу жұмыс жоспарына сәйкес әр күн сайын қанша оқу пәні оқылатыны (мұндайда пәндер бойынша сабақ уақыты барлық сыныптар үшін көрсетілмейді);
  8. бір пән бойынша сабақтың ұзақтығы көрсетілмейтіні және оның білім алушылардың оқу мақсаттарына қол жеткізуіне және тапсырмаларды орындауына байланысты болатыны;
  9. «ELARNA», «БАЛАПАН» телеарналарынан телесабақтардың көрсетілетіні (кесте);
  10. телесабақтарды кез келген ыңғайлы уақытта BilimLand платформаларынан, youtube-арналарынан қайта көруге болатыны;
  11. қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру үшін интернет ресурстарының – BilimLand, Kundelik.Kz, Daryn.online, Microsoft TEAMS, Google ClassRoom мүмкіндіктері;
  12. бір күн ішінде білім алушыларды оқытудың жеке кестесі;
  13. әр күнге оқу тапсырмасын алу әдістері мен құралдары және оларды білім алушыға ыңғайлы уақытта орындау;
  14. электрондық журналдар немесе мұғалім белгілеген басқа да қолжетімді байланыс түрлері, оның ішінде мессенджерлер арқылы кері байланысты орнату;
  15. электронды күнделікке сабаққа қатысу туралы ақпарат енгізілмейтіндігі;
  16. қашықтықтан өткізілетін сабақтар ата-аналардың қолдауын және қатысуын, білім алушының тапсырмаларды өздігінен орындауын талап ететіні туралы хабардар ету.

  1. Мектептің оқу жұмыс жоспарына сәйкес төртінші тоқсанның барлық оқу пәндері бойынша сабақтар 100% өткізіледі («Дене шынықтыру», «Көркем еңбек» және т. б.).

4. Сабақтарды қашықтықтан өткізу кезеңінде жұмысты ұйымдастыруда төмендегіні ескеру қажет:

  •  ата-аналардан білім алушылардың тапсырмаларды орындауын фото, бейне арқылы растауын талап етуге болмайды;
  •  электрондық журналдарды толтыру қажет болған жағдайда жүргізіледі;
  •  қашықтықтан оқытуға қатысты мұғалімдерден есептердің қосымша түрлерін толтыруы және тапсыруы талап етілмейді;
  •  білім алушыларға арналған оқу тапсырмаларының көлемі
      ҚР БҒМ ұсынған көлемдерден аспауы тиіс;
  •  білім беру процесіне қатысушылардың психоэмоционалдық жағдайын ескеру қажет.

5.Педагогикалық қызметті қашықтықтан оқытудың қолайлы, қолжетімді және ыңғайлы форматын ескере отырып ұйымдастыру.

  1. Теле сабақ форматын (аудио-сабақ) қолдану

6. Теле сабақ форматын қолданған уақытта (аудио-сабақ):

  • Сабақ жоспары негізінде телесабақтарды міндетті түрде қарауды ұсыну;
  • білім алушыларға телесабақтарды көргеннен кейін өз бетінше оқу/орындау үшін тапсырмалар беру, қолжетімді платформалар мен арналардағы цифрлық білім беру ресурстарына сілтемелер беру (техникалық мүмкіндіктер болған жағдайда);
  • электронды журналдар жүйесінде электрондық пошта, WhatsApp, өзге де мессенджерлер арқылы өздігінен орындауға тапсырма беру;
  • kundelik.kz электрондық журналы, bilimal.kz, mektep.edu.kz жүйелері арқылы, электрондық журналдар болмаған жағдайда – педагогтің қалауы бойынша байланыстың қолжетімді түрлері арқылы кері байланысты жүзеге асыру (кері байланысты ұсыну кезеңділігін мұғалім өзі анықтайды). 

7. ТД-сабақтар туралы ақпарат:

  • «Balapan» телеарнасы (аудиосабақтар «Қазақ радиосында» қосымша берілетін болады) – қазақ тілінде білім алушылар үшін/сабақ кестесі - https://balapan.kaztrk.kz/ru/program;
  • «ELARNA» телеарнасы (аудиосабақтар «Радио Классик» арқылы қосымша берілетін болады) - орыс тілінде білім алушылар үшін/ сабақ кестесі - https://elarna.kz/ru/programma;
  • ТД-телесабақтар кейбір аймақтарда жергілікті аймақтық каналдар арқылы көрсетіледі;
  • ТД-телесабақтар (аудиосабақтар) 1-11 (12) сыныптардың оқу пәндері бойынша әр сабақ 10 минуттан аптасына 5 күн жүргізіледі.
  • ТД-сабақтың құрылымы:
  • мұғалімнің жаңа оқу материалының бейне-түсіндіруі (6 минут); 
  • экрандағы сабақты бекітуге арналған ірі қаріппен 2-3 сұрақ (1 минут); 
  • экрандағы сабақты бекітуге арналған ірі қаріппен 2-3 тапсырма (1 мин); 
  • тақырып бойынша 1-2 қосымша цифрлық ресурс (1 минут); 
  • өздігінен оқуға арналған қосымша ресурстарға сілтемелер (1 минут).  
  • Теледидардан көрсету үшін белгіленген пәндер тізімі:

Теледидардан көрсетілетін пәндердің тізімі:   

1-сынып: 

оқыту қазақ тілінде – 7 пән (Сауат ашу, Математика, Жаратылыстану, Дүниетану, Ағылшын тілі, Орыс тілі, Өзін-өзі тану);

оқыту орыс тілінде – 7пән (Обучение грамоте, Математика, Естествознание, Познание мира, Английский язык, Казахский язык, Самопознание). 

2-сынып: 

оқыту қазақ тілінде – 7 пән (Қазақ тілі, Математика, Жаратылыстану, Дүниетану, Орыс тілі, Ағылшын тілі, Өзін-өзі тану);

оқыту орыс тілінде – 7пән (Русский язык, Математика, Естествознание, Познание мира, Қазақ тілі, Английский язык, Самопознание).  

3-сынып: 

оқыту қазақ тілінде – 8 пән (Қазақ тілі, Математика, Жаратылыстану, Дүниетану, Орыс тілі, Ағылшын тілі, АКТ, Өзін-өзі тану); 

оқыту орыс тілінде – 8 пән (Русский язык, Математика, Естествознание, Познание мира, Қазақ тілі, Английский язык, ИКТ, Самопознание).

4-сынып: 

5-сынып: 

оқыту қазақ тілінде – 10 пән  (Қазақ тілі, Қазақ әдебиеті,  Математика, Қазақстан тарихы,  Дүниежүзі тарихы, Жаратылыстану, Орыс тілі мен әдебиеті, Ағылшын тілі, Информатика, Өзін-өзі тану);

оқыту орыс тілінде – 10 пән (Русский язык, Русская литература, Математика, История Казахстана, Всемирная история, Естествознание, Казахский язык и литература, Английский язык, Информатика, Самопознание).

6-сынып: 

7-сынып: 

оқыту қазақ тілінде – 14 пән (Қазақ тілі,   Қазақ әдебиеті, Алгебра, Геометрия, Қазақстан тарихы, Дүниежүзі тарихы, География, Физика, Химия, Биология, Орыс тілі мен әдебиеті, Ағылшын тілі, Информатика, Өзін-өзі тану)

оқыту орыс тілінде – 14 пән (Русский язык, Русская литература, Алгебра, Геометрия, История Казахстана, Всемирная история, География, Физика, Химия, Биология, Казахский язык и литература, Английский язык, Информатика, Самопознание).

8-сынып: 

оқыту қазақ тілінде – 14 пән (Қазақ тілі, Қазақ әдебиеті, Алгебра, Геометрия, Қазақстан тарихы, Дүниежүзі тарихы, География, Физика, Химия, Биология, Орыс тілі мен әдебиеті, Ағылшын тілі, Информатика, Өзін-өзі тану);

оқыту орыс тілінде – 14 пән(Русский язык, Русская литература, Алгебра, Геометрия, История Казахстана, Всемирная история, География, Физика, Химия, Биология, Казахский язык и литература, Английский язык, Информатика, Самопознание). 

9-сынып: 

10-сынып: 

оқыту қазақ тілінде – 14 пән (Қазақ тілі,  Қазақ әдебиеті, Алгебра және анализ бастамалары, Геометрия, Қазақстан тарихы, Дүниежүзі тарихы, География, Физика, Химия, Биология, Орыс тілі мен әдебиеті, Ағылшын тілі, Информатика, Өзін-өзі тану); 

оқыту орыс тілінде – 14 пән (Русский язык, Русская литература, Алгебра и начала анализа, Геометрия, История Казахстана, Всемирная история, География, Физика, Химия, Биология, Казахский язык и литература, Английский язык, Информатика, Самопознание). 

11-сынып: 

оқыту қазақ тілінде – 14 пән (Қазақ тілі, Қазақ әдебиеті, Алгебра және анализ бастамалары, Геометрия, Қазақстан тарихы, Дүниежүзі тарихы, География, Физика, Химия, Биология, Орыс тілі,   Орыс әдебиеті, Ағылшын тілі, Информатика, Өзін-өзі тану ); 

оқыту орыс тілінде – 14пән (Русский язык, Русская литература, Алгебра и начала анализа, Геометрия, История Казахстана, Всемирная история, География, Физика, Химия, Биология, Казахский язык, Казахская литература, Английский язык, Информатика, Самопознание).

10. ТД-да көрсетілетін тізімге енбеген оқу пәндерін (музыка, көркем еңбек, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық) мұғалімдерге жеке қашықтықтан оқыту үшін ұсынылады.    

  1. Интернет-платформалар арқылы сабақтарды жүргізу 

  1. Сабақ жоспарының негізінде педагог білім алушыларға өздігінен оқу/орындау үшін оқулықтан оқу материалы мен тапсырмаларды ұсынады. Сонымен қатар, интернет-платформаларда орналастырылған сабақтарды, қолжетімді сандық білім беру ресурстарын пайдалануды ұсынады.

Ұсынылатын интернет- платформалар:

  • Bilim Land;
  • Kyndelik. кz;
  • Darin online.

Цифрлық білім беру ресурстары:

  • Mektep.On Line; 
  • Qaradomalak Studio;
  • Оpiq.kz;
  • Microsoft TEAMS;
  • Google Class Room.

Бұл интернет-платформалар оқу процесін онлайн режимде ұйымдастыруға арналмаған.

Өздігінен орындауға арналған оқу тапсырмасын электрондық журналдар жүйесінде, интернет-платформада, электрондық пошта, WhatsApp, басқа мессенджерлер арқылы ұсынуға болады.

Кері байланысты kundelik.kz, bilimal.kz, mektep.edu.kz арқылы, электрондық журналдар болмаған жағдайда мұғалімнің қалауы бойынша байланыстың қолжетімді түрлері арқылы   жүзеге асыру ұсынылады (мұғалім кері байланысты ұсыну кезеңділігін өз бетінше анықтайды).

  1. Контентті әзірлеу және қашықтықтан сабақ өткізу алгоритмі:

Бірінші. Сабақтың тақырыбы мен түрін анықтау (жаңа тақырыпты зерделеу, қайталау, тереңдету, бақылау және т.б.).

Екінші.Сабақтың ұйымдастыру моделін пысықтау 

Үшінші. Оқу құралдарының тізбесін анықтау:

Төртінші. Білім алушыға оқу материалдарының қолжетімділігін қамтамасыз ету: электрондық пошта;

WhatsApp, Telegram және т.б. мессенджерлер мен әлеуметтік желілердегі топтық/жеке чаттар («Қашықтан оқу, сыныбы, литері»; оның Whatsapp-та оның барлық қатысушылары үшін жұмыс істеу ережелерін белгілеу);

Бесінші. Әр түрлі ақпараттық оқыту материалдарын пайдалану (мәтіндік, презентациялар, графикалық, медиа, суреттер,  инфоргафика және т. б.).

Алтыншы. Сабақты ұйымдастырудың әртүрлі әдістерін қолдану (ішінара-іздеу, материалдың проблемалық тұсын түсіндірудің эвристикалық әдісі, зерттеу және т.б.).

Жетінші. Білім алушыларға мұғалімнің бейне сабағын (егер ол бұрын жазылған болса) кез келген уақытта қарауға мүмкіндік беру (офлайн режимі).

Сегізінші. Білім алушыларға:

  • барлық білім алушылардың жеке мүмкіндіктері мен қабілеттерін ескеру;
  • шығармашылық (жазба жазу, кейіпкердің сипаттамасы, кітапқа аннотация және т. б.), жобалау жұмыстарды, зерттеу және т. б.;
  • әлеуметтік желі чатында, поштада топпен хат алысуда білім алушылардың топтық жұмыстарды  (рөлдерді бөлу);
  • дидактикалық принциптерге сәйкес оқу материалын  және үй тапсырмасын эстетикалық жағынан да оқылуы бойынша да сапалы дайындауын;
  • ЦБР -ының сілтемелерін көрсете отырып, өздігінен оқу және орындау үшін үй тапсырмасын беру.

Тоғызыншы. Білім алушылармен кері байланысты ұйымдастыру:

  • оқушылардың орындаған жұмыстарының нәтижелерін қабылдау;
  • орындалған тапсырмаға талдау жүргізу;
  • пікір жазу және ұсыныстар беру;
  • білім алушыны тексеру нәтижелерімен таныстыру;
  • оқушылар үшін, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін жеке консультациялар өткізу;
  • Кері байланыс:
  • электрондық журналдар, интернет-платформалар; 
  • электрондық пошта;
  • whatsapp, telegram мессенджерері және т. б.;
  • ұялы және стационарлық телефон байланысы;
  • пошта байланысы арқылы жүзеге асырылады.

  1. Интернет байланысы болмаған жағдайда оқу материалдарын қазпошта арқылы жіберу
  2. Білім алушылар үшін қағаз-тасығышта:
  3. сынып атауын, пән атауын, сабақ тақырыбын, оқулық бетін көрсету,
  4. тақырып бойынша қысқаша конспект жазу,
  5. өздігінен бекіту және орындау үшін оқулықтан сұрақтар тізімін белгілеу,
  6. тақырып бойынша қосымша материалдар ұсыну және кері байланыс механизмі жіберіледі.
  7. Штаттық режимде:
  8. балалардың саны  5-тен 80-ге дейін жететін және алыс оқшауланған елді мекендерде орналасқан мектептерде;
  9. санитарлық қауіпсіздік шаралары қатаң сақталған жағдайда (кварцтау, желдету, ауысыммен оқыту және т. б.);
  10. карантин және коронавирустың тіркелмеген жағдайларында;
  11. денсаулық сақтау ұйымдарымен келісе отырып жергілікті атқарушы ұйымның шешімі бойынша ОҚЫТУ МҮМКІН.

  1. Білім алушының болжамды күн тәртібі

  1. Болжамды күн тәртібі:
  2. Оқу пәндері материалдар мен оқу тапсырмаларын қарау (әркім уақытын өзі анықтайды).  
  3. Білім алушы сынып жетекшісімен байланыста болады (қажет жағдайда). 
  4. Оқушы алған тапсырмаларды өзіне ыңғайлы уақытта орындайды және орындап болған соң мұғалімдерге жібереді. 
  5. Кез келген қолжетімді режимде мұғаліммен бірге жұмыс істейді немесе туындаған сұрақтарын жазады.
  6. Келесі күнді жоспарлайды.

  1. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды қалай ұйымдастыру керек

17.  Төртінші тоқсанда мұғалім бөлім бойынша жиынтық бағалауды 1 рет өткізеді (4-8 мамыр):

  • Жиынтық бағалау өткізу барысында  «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы N 125 бұйрығына сәйкес келесідей талаптарды  басшылыққа алады: 14,14.1-14.3,14.5,14.7,14.8,15-18,21-26,29-т.
  • «Өзін-өзі тану», «Көркем еңбек», «Музыка», «Дене шынықтыру», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Графика және жобалау», «Қоғам және дін» пәндері бойынша жиынтық бағалауды өткізбейді.
  • Жиынтық бағалау жұмысының нақты күнін көрсетеді.

Төртінші тоқсанда мұғалім тоқсан бойынша жиынтық бағалауды 1 рет тоқсанның соңында өткізеді (18-22 мамыр):

НАЗАР аударыңыз!

1-10   сыныптардағы жиынтық жұмыстардың саны    

бөлім бойынша жиынтық бағалау – 1

тоқсан бойынша жиынтық бағалау – 1         

11 сыныптағы бақылау жұмыстарның саны

өзіндік жұмыс - 1 

бақылау жұмысы – 1

Жиынтық жұмыстарды жүргізу мерзімдері

бөлім бойынша жиынтық бағалау                   8  мамырға дейін

өзіндік жұмыс

тоқсан бойынша жиынтық бағалау                 22 мамырға дейін

бақылау жұмысы

2019-2020 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ 4 – ТОҚСАНЫНДАҒЫ ОҚУ ПӘНДЕРІНІҢ, БЖБ, ТЖБ САНЫ

Сынып

Саны

пәндер

БЖБ

ТЖБ

1

10

6

4

2

11

7

5

3

12

7

5

4

12

7

5

5

13

9

7

6

13

9

7

7

16

13

11

8

16

13

11

9

17

14

11

10

15

12

11

11

17

14 бақылау / зертханалық жұмыс

  • Білім беру процесіне қатысушылардың қызметі

  1. Мектеп директоры:
  2. қашықтықтан оқыту процесін, оның ішінде техникалық жағдайды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
  3. жұмыс сапасын арттыруға бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдайды;
  4. қажеттілігіне қарай педагогтармен, білім алушылар және олардың ата-аналарымен (заңды өкілдерімен) кері байланысты жүзеге асырады;
  5. Интернет желісіне және байланыс құралдарына мүмкіндігі жоқ білім алушыларға оқу тапсырмаларын жеткізуді және орындалған жұмыстарын жинауды ұйымдастырады;
  6. жеке қорғаныс құралдарын пайдалану жөніндегі талаптар қатаң сақтауды қамтамасыз етеді;
  7. көзделмеген есептік құжаттарды сұратуға жол берілмейді.   
  8. Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары:
  9. Үлгілік оқу жоспарына сәйкес әр пән бойынша сағат санын жұмыс педагогтарға хабарлайды;
  10. пән мұғалімдерімен бірлесе отырып білім алушылардың қашықтықтан оқу қызметін ұйымдастыруды анықтайды: оқытудың әдістері мен тәсілдерін, білім алушылардың тапсырмаларды алу мерзімдерін және олардың орындалған жұмыстарын ұсынады;
  11. оқыту процесінің барлық қатысушыларын (педагогтарды, білім алушыларды, білім алушылардың ата-аналарын (заңды өкілдерін), өзге де қызметкерлерді) қашықтықтан жұмысты ұйымдастыру туралы хабардар етуді жүзеге асырады;
  12. оқыту процесін ұйымдастыру барысында әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асырады;
  13. қажеттілігіне қарай қашықтықтан оқыту процесіне қатысушылармен кері байланысты жүзеге асырады;
  14. педагогтердің оқу жүктемесін орындау бойынша жұмысты үйлестіреді.
  15. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, педагог-ұйымдастырушы:
  16. ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен телекоммуникациялық құралдарды пайдалана отырып, тәрбиелік іс-шаралар үшін контент әзірлейді;
  17. іс-шараларды қашықтықтан  өткізеді (әлеуметтік желілер, мектеп сайты және т. б. );
  18. әлеуметтік желілерде өткізілген іс-шаралар туралы ақпаратты мектеп сайтында орналастырады;
  19. сынып жетекшілерінің жұмысын үйлестіреді.
  20. Пән мұғалімі:
  21. электрондық журналдар мен күнделіктерді, басқа да қолжетімді байланыс қызметтерін пайдалана отырып, қолданылатын жұмыс түрлері туралы ақпаратты білім алушыларға, олардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) дер кезінде жеткізеді;
  22. сабақ жоспарын және оқу материалдарын құрылымдауды уақтылы жүзеге асырады;
  23. оңтайлы және әр түрлі жұмыс түрлерін (телесабақтар, интернет - платформалар арқылы, өзіндік жұмыс, чат-сабақтар және т. б.), қолжетімді ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;    
  24. үй тапсырмасы көлемінің нормаларына сәйкес тапсырмалар береді;
  25. білім алушының өзіндік жұмысын бақылауды жүзеге асырады, кері байланыс ұсынады;
  26. мұғалім мен оқушы үшін қолжетімді тәсілмен орындалған тапсырмаларды жинауды жүзеге асырады (электрондық журналдар мен күнделіктер, электрондық пошта, WhatsApp, Telegram, басқа мессенджерлер, ұялы немесе стационарлық телефон байланысы немесе мектеп қызметкерлері, әкімшілік белгілеген пошта байланысы операторлары арқылы – Интернет болмаған жағдайда және т. б.);
  27. білім алушыларға, оның ішінде ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға жеке консультациялар өткізеді.
  28. «Дене шынықтыру», «Өзін-өзі тану», «Көркем еңбек», «Музыка», «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Графика және жобалау» пәндері бойынша қашықтықтан сабақтар өткізіледі, ал мұғалімдер келесі жұмыстарды атқарады:
  29. білім алушылардың үйде орындауы үшін физикалық және саптық жаттығулар кешенін әзірлейді (дене шынықтыру, бастапқы әскери және технологиялық дайындық);
  30. бұйымдарды, макеттер және тағы да басқаларын жасау үшін нұсқаулықтар әзірлейді (Көркем еңбек, Графика және жобалау) ;
  31. жобалық қызмет бойынша кеңес беруді жүзеге асырады (Өзін-өзі тану, Кәсіпкерлік және бизнес негіздері) ;
  32. тыңдау қажет музыкалық шығармалардың тізімін ұсынады, қажетті кеңестер береді (Музыка);
  33. қашықтықтан оқыту форматында тәрбие іс-шараларын ұйымдастыруға және өткізуге қатысады.
  34. Жалпы білім беретін мектептердің мектепалды сыныптарының педагогтары негізгі пәндер бойынша қашықтықтан оқыту сабақтарын жүргізеді: сауат ашу, қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру, қоршаған ортамен танысу.
  35. «Өзін-өзі тану» пәні бойынша педагогтар сабақтарды өткізу кезінде http://school.ozin-ozi-tanu.kz/сілтемесінде орналастырылған «Бөбек» ҰҒПББСО ұсыныстарын басшылыққа ала алады.
  36. «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейлерінде қашықтықтан оқытуды жүргізу үшін EduPage білім беру платформасы пайдаланылатын болады.
  37. Білім алушы:
  38. сынып жетекшісімен және пән мұғалімдерімен күнделікті байланыста болады;
  39. күн сайын оқулықтан оқу материалдарын өздігінен оқып, тапсырмаларды, соның ішінде қол жетімді байланыс құралдары арқылы орындайды;
  40. оқу материалын алу үшін, өздігінен оқу немесе орындау үшін электронды күнделіктегі жеке кабинетке (электронды күнделік, электрондық пошта, WhatsApp чаттары және т. б. интернет, байланыс болмаған жағдайда – педагог, мектеп әкімшілігінің анықтауы бойынша пошта байланысының операторы арқылы) кіреді (мүмкіндігінше);
  41. педагогтың талаптарына сәйкес орындалған тапсырмаларды педагогке қолжетімді байланыс құралдары арқылы жібереді (электрондық күнделік, электрондық пошта, WhatsApp чаттары және т. б. интернет, байланыс болмаған жағдайда – мектеп әкімшілігінің анықтауы бойынша пошта байланысының операторы арқылы); 
  42. оқу тапсырмаларын орындау кезінде академиялық адалдық ережелерін және өзін-өзі бақылау қағидаларын сақтайды;
  43. қосымша цифрлық білім беру ресурстарын пайдаланады.
  44. Білім алушылардың ата-аналары (заңды өкілдері):
  45. оқу үшін білім алушыға жағдай жасайды;
  46. балалардың оқуын, білім алушылардың өзіндік тапсырмаларды орындауын бақылауды жүзеге асырады;
  47. сынып жетекшісімен  және пән мұғалімдерімен байланыста болады.

24.Педагог-психолог:

  • қашықтықтан оқыту жағдайында білім алушылар мен олардың ата-аналарын (заңды өкілдерін) психологиялық қолдау бойынша ұсынымдар әзірлейді;
  • білім алушылармен, ата-аналармен (заңды өкілдермен) жеке кеңес өткізеді.

25. Сынып жетекшісі:

  • ата-аналарды (заңды өкілдерді) оқу процесі, білім алушыларға кері байланыс беру, оқу барысы және оқу нәтижелері, білім алушылардың өзіндік жұмысы үшін жағдай жасау қажеттілігі туралы хабардар етеді;

§   электрондық журналдар мен күнделіктер жүйесінде, сондай-ақ Whatsapp, Telegram және т. б. арқылы білім алушылар және олардың ата-аналарымен чаттар, форумдар жасайды және пайдаланады;

§   білім алушылармен және олардың ата-аналарымен (заңды өкілдермен) күнделікті байланысты жүзеге асырады;

§   пән мұғалімдеріне, педагог-психологқа  өз сыныбындағы оқушылардың байланыс мәліметтері бар (үйдегі телефон нөмірі, ұялы телефон нөмірі, электрондық пошта) тізімін береді.

admin Sun, 03 May 2020 07:27:01 +0600
Педагог мәртебесі http://amangeldy-moiynkum.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/normativtk-zhattar/255-pedagog-mrtebes.html http://amangeldy-moiynkum.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/normativtk-zhattar/255-pedagog-mrtebes.html Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің карауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
 Премьер-Министрі

А. Мамин

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ  Педагог мәртебесі туралы

      Осы Заң педагогтің мәртебесін айқындайды және оның құқықтарын, әлеуметтік кепілдіктері мен шектеулерін, міндеттемелері мен жауапкершілігін белгілейді.

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес - педагогикалық әдеп қағидаларының бұзылуын қарап, нәтижелері бойынша тиісті ұсынымдар енгізу, сондай-ақ бұзушылықтардың алдын алуға және профилактикасына бағытталған шараларды іске асыру үшін білім беру ұйымында құрылатын алқалы орган;

      2) педагогтің кәсіби стандарты - педагогтің біліктілік деңгейі мен құзыреттілігіне, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;

      3) педагог - тиісті бейіндер бойынша педагогикалық және (немесе) кәсіптік білімі бар, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқыту және (немесе) тәрбиелеу, оның ішінде қосымша білім беруді ұйымдастыру және (немесе) білім беру қызметін ұйымдастыру және (немесе) әдістемелік қамтамасыз ету бойынша кәсіби қызметті жүзеге асыратын, сондай-ақ кәсіптік стандартта көрсетілген біліктілік талаптарына сай келетін адам;

      4) тәлімгерлік - педагог лауазымына жұмысқа алғаш қабылданған адамға кәсіби бейімделуге практикалық көмек көрсету бойынша орта білім беру ұйымдарында тәлімгердің ақы төленетін қызметі;

      5) тәлімгер - тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагог;

      6) педагогикалық әдеп - педагогтердің осы Заңда және педагогикалық әдеп қағидаларында белгіленген мінез-құлық қағидалары.

2-бап.      Педагог мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы

      1. Педагог мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғандардан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

3-бап.      Осы Заңның қолданылу саласы

      Осы Заң меншік нысанына және ведомстволық тиесілігіне қарамастан, тиісті білім беру ұйымдарында кәсіби қызметті жүзеге асыратын барлық педагогтерге, оның ішінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет, дене шынықтыру және спорт салаларындағы білім беру ұйымдарының, сондай-ақ "Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде, "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Мәдениет туралы", "Дене шынықтыру және спорт туралы", "Білім туралы", "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы", "Құқық қорғау қызметі туралы", "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ережелерге қайшы келмейтін бөлігінде әскери, арнаулы оқу орындарының педагогтеріне қолданылады.

4-бап. Педагог мәртебесі бар адамдар

      1. Тиісті бейіндер бойынша педагогикалық және (немесе) кәсіби білімі бар, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқыту және (немесе) тәрбиелеу, оның ішінде қосымша білім беруді ұйымдастыру, сондай-ақ білім беру қызметін ұйымдастыру және (немесе) әдістемелік қамтамасыз ету бойынша кәсіби қызметті жүзеге асыратын, еңбек саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген кәсіптік стандартгарда көрсетілген біліктілік талаптарына сай келетін адамдардың педагог мәртебесі болады.

      2. Кәсіби қызметті жүзеге асыратын педагогтер бірыңғай мәртебеге ие және өзара кәсіби қызмет ерекшеліктерімен өзгешеленеді.

5-бап.      Педагогикалық әдеп және педагогтің анты

      1. Педагог педагогикалық әдеп нормаларын сақтайды.

      2. Педагогикалық әдеп қағидаларын білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      3. Педагог лауазымына алғаш тағайындалатын адам ант қабылдайды.

      4. Ант мәтінін және педагогтердің оны қабылдау тәртібін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

6-бап. Педагогтің кәсіби қызметін қамтамасыз ету шарттары

      1. Педагогке өзінің кәсіби қызметін жүзеге асыруы үшін қолайлы жағдайлар жасалады.

      2. Мыналарға:

      1) педагогті оның кәсіби міндеттеріне байланысты емес жұмыс түрлеріне тартуға;

      2) педагогтен Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген есептілікті не ақпаратты ұсынуды талап етуге;

      3) педагогтің кәсіби қызметіне Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген тексерулер жүргізуге;

      4) педагогке тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша міндетті жүктеуге жол берілмейді.

      3. Осы баптың 2-тармағының талаптарын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеледі.

7-бап. Педагоггің кәсіби қызметтегі құқықтары

      1. Педагог өзінің кәсіби қызметінде:

      1) білім берудің тиісті деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарын сақтау жағдайында педагогикалық қызметті ұйымдастырудың тәсілдері мен нысандарын еркін таңдауға;

      2) лауазымды және басқа да адамдардың оның құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына әкеп соғатын кәсіби қызметіне араласуынан қорғауға;

      3) өзінің кәсіби ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауға;

      4) кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуге және қажетті жағдайлар жасауға;

      5) ғылыми, зерттеу, шығармашылық, эксперименттік қызметті жүзеге асыруға, педагогикалық практикаға жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізуге;

      6) шығармашылық бастамаға, оқыту мен тәрбиелеудің авторлық бағдарламаларын әзірлеуге және қолдануға, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа, неғұрлым жетілдірілген әдістерін дамытуға және таратуға;

      7) оқу құралдарын, материалдарды және білім беру бағдарламасына сәйкес оқыту мен тәрбиелеудің өзге де құралдарын таңдауға;

      8) білім беру бағдарламаларын, оқу жоспарларын, әдістемелік материалдарды және білім беру қызметінің өзге де құрауыштарын, сондай-ақ оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді және оқу құралдарын әзірлеуге қатысуға;

      9) жұмыс орны бойынша сайлануға және сайланбалы лауазымды атқаруға;

      10) білім беру сапасын жетілдіруге бағытталған, сондай-ақ білім беру ұйымдарының қызметіне қатысты мәселелерді талқылауға қатысуға;

      11) білім беру ұйымының алқалы басқару органдарының, әдістемелік бірлестіктері мен кеңестерінің, өзін-өзі басқару органдарының жұмысына қатысуға;

      12) бес жылда кемінде бір рет біліктілігін арттыруға;

      13) үздіксіз кәсіби дамуға және біліктілікті арттыру нысандарын таңдауға;

      14) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтерін қоспағанда, мерзімінен бұрын біліктілік санатын алуға;

      15) ұйымдардағы кітапхананы және ақпараттық ресурстарды тегін пайдалануға, сондай-ақ ақпараттық-телекоммуникациялық желілер мен деректер базасына, оқу және әдістемелік материалдарға, кәсіби қызметті сапалы жүзеге асыруға қажетті білім беру қызметін қамтамасыз етудің материалдық-техникалық құралдарына қол жеткізуге;

      16) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысандарда және тәртіппен қоғамдық кәсіптік ұйымдарға бірігуге;

      17) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жеке педагогтік қызметке;

      18) кәсіби қызметтегі жетістіктері үшін көтермеленуге;

      19) "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыруға;

      20) педагогикалық әдеп нормалары бұзылған жағдайда Педагогикалық әдеп қағидаларына сәйкес әділ және объективті қызметтік тергеп-тексеруге;

      21) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен және шарттарда кәсіби дағдыларды қолдау және арттыру үшін Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша тағылымдамадан өтуге;

      22) өзіне қатысты қабылданатын білім беру ұйымы басшысының актілеріне, әрекеттері мен шешімдеріне жоғары тұрған лауазымды адамдарға немесе сотқа шағымдануға;

      23) білім алушылар, тәрбиеленушілер және олардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері тарапынан ар-намысы мен қадір-қасиетіне құрмет көрсетілуіне;

      24) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтары бар.

      2. Осы баптың 1-тармағында керсетілген құқықтарды педагог басқа да адамдардың құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ педагогикалық әдеп нормаларын сақтай отырып жүзеге асырады.

8-бап. Педагогтің материалдық қамтамасыз етуге құқығы

      1. Мемлекеттік ұйымдарда кәсіби қызметін жүзеге асыратын педагогтің еңбегіне ақы төлеу жүйесі, лауазымдық жалақылар, қосымша ақылар, үстеме ақылар және ынталандырушы сипаттағы басқа да төлемдер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалады.

      Жекеменшік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеуді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың құрылтайшылары немесе соған уәкілеттік берілген адам айқындайды.

      2. Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдар педагогінің жалақысын есептеу ерекшеліктерін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      3. Ерекше мәртебесі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін мемлекеттік ұйымдардың педагогтері мен басшы қызметкерлерінің лауазымдық жалақылары арттыру коэффициенті ескеріле отырып айқындалады.

      4. Мемлекеттік ұйымдардың педагогіне  жұмыс орны бойынша:

      философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 17 еселенген мөлшерінде;

      ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 17 еселенген және ғылым докторы ғылыми дәрежесі үшін айлық есептік көрсеткіштің 34 еселенген мөлшерінде қосымша ақы белгіленеді.

      5. Мәдениет және спорт саласындағы қызметті іске асыратын білім беру ұйымдарын, әскери оқу орындарын қоспағанда, мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының педагогіне жұмыс орны бойынша ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистр дәрежесі үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінде қосымша ақы белгіленеді.

      6. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының профессор-оқытушылар құрамының жылдық оқу жүктемесі жұмыс уақытының жылдық нормасы шегінде белгіленеді және оны алқалы басқару органы шешімінің негізінде жогары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының басшысы бекітеді.

      7. Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясын, әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының профессор-оқытушылар құрамының жалпы санын есептеуге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын айқындау кезінде білім алушылар санының профессорлық-оқытушылық құрамға орташа қатынасын білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      8. Жергілікті атқарушы органдар педагогтерге әртүрлі ынталандырушы қосымша төлемдер, оның ішінде "Үздік педагог" атағын иеленушіге кемінде айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген мөлшерінде сыйақы белгілеуге құқылы.

9-бап. Педагогтің көтермелеуге құқығы

      1. Адал еңбегі және өзінің кәсіби міндеттерін үлгілі орындағаны үшін педагогке Қазақстан Республикасының заңнамасында, сондай-ақ ұйымның ішкі тәртіп қағидаларында көзделген көтермелеу қолданылады.

      2. Республика алдында педагогикалық қызметтегі үздік еңбегі үшін педагогке "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы беріледі.

      3. Жергілікті атқарушы органдар педагогтің еңбегін көтермелеудің қосымша шараларын, оның ішінде Қазақстан Республикасында белгіленген мереке күндеріне орай бекітуге, сондай-ақ жергілікті ерекшелік белгілері мен құрметті атақтарын, оның ішінде біржолғы сыйақы төлей отырып белгілеуге құқылы.

      Жергілікті ерекшелік белгілері мен құрметті атақтарының сипаттамасын, беру қағидаларын, оның ішінде біржолғы сыйақы төлемдерінің мөлшерін жергілікті атқарушы орган айқындайды.

      4. Жыл сайын тиісті республикалық бюджет қаражаты есебінен:

      1) "Үздік педагог" атағын иеленушіге - 1 000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде сыйақы;

      2) "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын иеленушіге 2 000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік грант төленеді, оны жұмсау бағыттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

10-бап. Педагогке кәсіби қызметке рұқсат беру

      1. Педагогтің кәсіби қызметін жүзеге асыру құқығы тиісті бейіндер бойынша педагогикалық және кәсіби білімі туралы құжат болған кезде, сондай-ақ педагог біліктілігінің сәйкестігі расталған жағдайда туындайды.

      Педагог біліктілігінің сәйкестігін растау тәртібін, шарттарын, мерзімдерін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

      2. Педагог ретінде кәсіби қызметті жүзеге асыруға алғаш кіріскен адамдар педагог біліктілігінің сәйкестігін растауға жатады.

      3. Бейініне сәйкес келмейтін педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар адамдарға, сондай-ақ педагогикалық білімі жоқ, бірақ даярлықтың тиісті бағыты бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі мен біліктілігі бар адамдарға тиісті педагогикалық қайта даярлаудан өткеннен кейін педагог ретінде кәсіби қызметпен айналысу құқығы беріледі.

11-бап. Педагогтің кәсіби қызметпен айналысуына қолжетімділікті шектеу

      Педагогтің кәсіби қызметіне:

      1) заңды күшіне енген сот үкіміне сәйкес педагогтік қызметті жүзеге асыру құқығынан айырылған;

      2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз, әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған;

      3) медициналық, психиатриялық қарсы айғақтар бар немесе наркологиялық есепте тұрған адамдарға;

      4) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген шектеулер негізінде жол берілмейді.

12-бап. Әлеуметтік кепілдіктер

      1. Педагогтерге:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үйге, оның ішінде қызметтік үйге және жатақханаға;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне;

      3) ұзақтығы күнтізбелік 56 күнге ақысы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысына;

      4) оларға кезекті еңбек демалысы берілген кезде күнтізбелік жылда бір рет тиісті бюджет қаражаты есебінен кемінде бір лауазымдық жалақы мөлшерінде сауықтыруға жәрдемақы алуға әлеуметтік кепілдіктер беріледі.

      2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарды қоспағанда, педагогтің жұмыс уақыты мен демалыс уақыты режимінің ерекшеліктері тиісті саланың уәкілетті органымен келісу бойынша білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін қағидаларда айқындалады.

      3. Жергілікті атқарушы органдар кәсіби қызметті жүзеге асыратын педагогтердің балаларына тұрғылықты жері бойынша мектепке дейінгі балалар ұйымдарынан кезектен тыс орын береді.

      4. ІІедагогке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді медициналық тексерулер, емдеу-профилактикалық, санитариялық-гигиеналық, эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізу арқылы іске асырылатын денсаулықты сақтауға әлеуметтік кепілдіктер беріледі.

      5. Ауылдық жерде тұратын және жұмыс істейтін педагогке:

      1) жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша педагогикалық қызметті қала жағдайында жүзеге асыратын педагогтердің ставкасымен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға арттырылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілену мүмкін;

      2) жергілікті өкілді органдар бекіткен тәртіппен және мөлшерде бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтердің ақысын төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

      6. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген педагогке жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша көтерме жәрдемақы беріледі немесе тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

      7. Жергілікті атқарушы органдар педагогке тұрғын үйді жалдауға және коммуналдық қызметтерге өтемақы төлемдерін, санаторийлік-курорттық емделуге және демалуға жолдама алу үшін толық немесе ішінара төлемақы, сондай-ақ педагогті әлеуметтік қолдауға бағытталған өзге де жеңілдіктерді көздеуге құқылы.

      8. Осы баптың ережелері "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы", "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Ресубликасының заңдарында тиісті кепілдіктер белгіленген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының педагогтеріне, әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері болып табылатын педагогтерге қолданылмайды.

13-бап. Тәлімгерлерді бекіту тәртібі

      1. Бір оқу жылы кезеңінде орта білім беру ұйымына педагог лауазымына алғаш рет қабылданған педагогке оның кәсіби бейімделуіне практикалық көмек көрсететін тәлімгер бекітіледі.

      2. Жас педагогтерге тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптарды, тәлімгерлікті ұйымдастыру тәртібін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

14-бап. Педагогке біліктілік санатын беру (растау)

      1. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерге біліктілік санаттары беріледі (расталады).

      2. Кәсіби қызметті орындауға қажетті педагогтердің кәсіби құзыреттерін айқындайтын біліктілік санаттарын беру (растау) тәртібін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

15-бап. Педагогтің міндеттері мен жауапкершілігі

      1. Педагог:

      1) өз қызметі саласында тиісті кәсіби құзыреттерді меңгеруге;

      2) оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық қағидаттарын сақтауға, оқыту мен тәрбиелеудің сапасын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген талаптардан төмен емес деңгейде қамтамасыз етуге;

      3) өзінің кәсіби шеберлігін, зерттеу, зияткерлік және шығармашылық деңгейін үздіксіз жетілдіруге, оның ішінде біліктілік санатының деңгейін бес жылда кемінде бір рет арттыруға (растауға);

      4) педагогикалық әдеп қағидаларын сақтауға;

      5) білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу бойынша дағдыларын, құзыреттерін арттыруға;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен профилактикалық медициналық тексеруден өтуге;

      7) қоғамның әлеуметтік, мәдени және экономикалық дамуына жәрдемдесуге;

      8) білім алушылардың, тәрбиеленушілердің және олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;

      9) балаларды заңға, адамның (азаматтың) құқықтары мен міндеттеріне, жоғары адамгершілікке, отансүйгіштікке, ата-анаға, үлкендерге құрмет көрсетуге, отбасы құндылықтарына, елдің мәдени-тарихи құндылықтарына, оның мемлекеттік құрылымы мен рәміздеріне, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелеуге;

      10) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өмірлік дағдыларын, құзыреттерін, дербестігін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға;

      11) өмірлік қиын жағдайда жүрген баланың анықталу фактілері туралы кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу жүйесі органдарын дереу хабардар етуге;

      12) кәмелетке толмағандар жасаған немесе оларға қатысты жасалған қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар әрекеттер (әрекетсіздік) жасау фактілері туралы, сондай-ақ ұйымдардан тыс кәсіби қызметіне байланысты өзіне белгілі болған фактілер туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға;

      13) білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша ата-аналарға, заңды өкілдерге консультация беруге, оларға оқыту мен тәрбиелеуге ортақ жауапкершілік қағидаттарын түсіндіруге міндетгі.

      2. Педагогтің білім беру процесін саяси үгіттеу, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық немесе діни араздықты ушықтыру үшін білім алушыларды саяси, діни немесе өзге де нанымдарды қабылдауға не олардан бас тартуға мәжбүр ету, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни немесе тілдік тиесілік белгісі бойынша азаматтардың ерекшелігін, үстемдігін не толық еместігін, олардың дінге көзқарасын насихаттайтын, оның ішінде білім алушыларға халықтардың тарихи, ұлттық, діни және мәдени дәстүрлері туралы жалған мәліметтерді хабарлау арқылы үгіттеу үшін, сондай-ақ білім алушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңнамасына қайшы келетін әрекеттерге итермелеу үшін пайдалануға құқығы жоқ.

      3. Педагог міндеттерін бұзғаны және педагог атағына кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тартылады.

      4. Педагогке қатысты қызметтік талқылаулар, тәртіптік тергеп-тексерулер және олардың негізінде қабылданған шешімдер тек оның келісімімен ғана жариялануы мүмкін.

      5. Тәртіптік тергеп-тексеруді жүргізу кезінде педагогке:

      1) оған қойылатын кінәрат-талаптар туралы және осы кінәрат-талаптар үшін негіздемелер туралы ақпаратты жазбаша түрде алу;

      2) осы іс бойынша барлық материалдармен танысу;

      3) қорғауға дайындалу үшін жеткілікті уақыт бере отырып, өз таңдауы бойынша өзі немесе өкілі арқылы қорғалу;

      4) ісі бойынша қабылданған шешімдер, сондай-ақ осы шешімнің себептері туралы жазбаша түрде ақпарат алу;

      5) білім беруді басқару органдарына апелляция беру немесе шешімге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотта шағым жасау құқықтарына кепілдік беріледі.

      6. Педагогтің тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жауаптылық шарасы туралы шешімді қабылдау кезінде білім беру ұйымының басшысы білім беру сапасындағы уәкілетті орган бекітетін қағидаларға сәйкес қызметін жүзеге асыратын педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің ұсынымдарын ескереді.

16-бап. Педагогті кәсіптік даярлау

      1. Қазақстан Республикасында педагогті кәсіптік даярлау техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.

      2. Педагогті даярлауға арналған білім беру бағдарламалары педагогтің кәсіби стандарты талаптарының негізінде әзірленеді.

17-бап. Педагогтің біліктілігін арттыру және қайта даярлау

      1. Педагог кәсіби қызметі үшін қажет жаңа құзыретті алу және (немесе) жетілдіру және (немесе) бар біліктілік шеңберінде кәсіби деңгейін арттыру мақсатында кезеңділігін және өту тәртібін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.

      2. Педагогтің біліктілігін арттыру мақсатында қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыру курстарында оқу бір уақытта және үздіксіз, сондай-ақ кезең-кезеңмен (дискретті), оның ішінде жекелеген бағыттарды, сабақтарды, пәндерді (модульдерді) меңгеру, соның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша тағылымдамадан өту арқылы жүзеге асырылады.

      3. Тәжірибе алмасу мақсатында тренингтерге, конференцияларға, семинарларға қатысу, басқа білім беру ұйымдарына бару, шеберлік сыныптарын, жеке және ұжымдық зерттеулер жүргізу, тәлімгерлік, кері байланысты ұсыну арқылы сабақтарды бақылау, әдістемелік құралдар мен жарияланымдар шығару педагогтің кәсіби даму нысандары болып табылады.

      4. Біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламалары теориялық білімнен басқа, алған білімін практикада сапалы іске асыру үшін педагогтің қызметін курстан кейінгі әдістемелік қолдауды қамтуы тиіс.

      Біліктілікті арттыру курстарын өткізетін ұйымдар кемінде бір оқу жылы ішінде курстан кейінгі әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асыруға міндетті.

      5. Кәсіптік қызметтің жаңа түрін орындау үшін, сондай-ақ аралас мамандық бойынша педагогикалық білім алу үшін қажетті педагог біліктілігін алу мақсатында адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қайта даярлаудан өтеді.

      Қайта даярлау жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады. Қайта даярлау қорытындысы бойынша білім туралы тиісті құжат беріледі.

      6. Қайта даярлау тәртібін және шартын білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

18-бап. Қазақстан Республикасының педагог мәртебесі туралы заңнамасының бұзылуы үшін жауаптылық

      Қазақстан Республикасының педагог мәртебесі туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеледі.

19-бап. Осы Заңның қолданысқа енгізілуі

      Осы Заң, осы Заңның 10-бабын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Осы Заңның 10-бабы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
 Президенті

]]>
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

admin Fri, 01 May 2020 04:58:25 +0600