Ибрайымова Бақыт
Сабақтың тақырыбы :
«Тәуелсіздік - қасиет тұнған ұлы ұғым»
Мақсаты: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай оқушыларға Мәңгілік еліміздің жарқын белестерін насихаттау
«Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық және ортақ келешек»
Н.Назарбаев
Күтілетін нәтиже : Оқушылар Мәңгілік Ел, Қазақстанның тәуелсіздігі туралы мәлімет алады, талдайды, Отанға деген құрмет, сүйіспеншілік, патриоттық сезімдері артады.
Сабақ барысы :
Өткізілетін орны : Амангелді атындағы шағын орталықты орта мектебі
Сыныпты екі топқа бөлеміз: «Қазақ», «Алаш»
Екі топ тәуелсіздік туралы өлеңдер оқиды, екі топта постер құрып Мәңгілік елдің мағынасын ашады
1 оқушы :
- Қазақстан, Қазақстан – алтын күн,
- Жанымызды жарылқайтын жарқын күн,
- Аталдың сен барлық әлем тілінде,
- Атыменен «қазақ» деген халқымның
- Атады әне тағы да бір таң күліп,
- Жүректерде арман отын жандырып,
- Қазақстан – бізді туған ұлы Отан
- Жайнай бер сен, жасай бер сен мәңгілік
- 2 – оқушы:
- 16 – желтоқсан – қазақ елінің мәртебесін жоғарылатып шоқтығын биіктетер айтулы мереке. Бабаларымыздың мирас еткен, білектің күші, найзаның ұшымен біріктіріп ел еткен ҚР – дың тәуелсіздік алғанына – 30жыл.
- «Ел болмысы – өткен тарихтан» демекші, қазақ халқының жүріп өкен жолына көз жүгіртіп көрейік.
- 3-оқушы: Алтайдан Атырауға дейін созылып жатқан көшпенді қазақ жұртының бағзыдан бергі ірге тепкен қонысы.
- 4-оқушы: Ұлан –ғайыр атырап, Ертіс пен Еділге дейін, Арқа мен Алатаудың арасы – қазақтың алтын бесік жұрты.
- 5-оқушы : Ұшқан құстың қанаты талатын осынау кең даланы біздің ата – бабамыз ғасырлар бойы ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап келді.
- 6- оқушы: Түп шежіресі сонау ежелгі түркіден бастау алатын қазақ халқы өзінің жер бетінен жойылмай, іргелі ел, жоралы жұрт, қабырғалы қалпын салиқалы салтын сақтап қалғаны – оның еркіндік сүйгіштік жігерінің, асқақ рухының арқасы.
- Бодандық бұғауынан босанып, бостандыққа қол жеткіздік, ата – бабамыз жете алмай, ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіздікке ие болдық. Қазақ елінің тәуелсіз ел болып, көк байрағын көкке көтергініне де, міне- 30 жыл.
1 – жүргізуші:
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста,
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата –баба арына!
Үлгі бізге ағалардың ерлігі,
Ұлағатты өнегелі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі!
2-жүргізуші:
Жағасына жауының жетіп қолы
Тартып алған, Тәуелсіз күшпен өткен
Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы,
Олжа емес салбырап түскен көктен!
Қуаныш араласқасіретпен
Ерлік жолда қаншама ғасыр өткен
Еркіндігін ерлігін сақтау үшін,
Талай ердің бұл жолда басы кеткен.
Биіктей бер асқақтап, жомарт халқым,
Өркендей түс, аяқталды тозақты күн.
О, тәңірім бізді баққа жолықтыр!
Бүгін міне, Тәуелсіздік ағайын,
Әр қазақтың жүрегі болып соғып тұр!
1 –жүргізуші:
Қазақстан салтанаты жарасқан!
Бір отбасы, бір туысқан бір-біріне қарасқан Қазақстан- бүгін, міне, достықтың туын тіккен жер.
Мен не білемін ?
Мен жаңаша нені білдім?
- ҚР тәуелсіздік күні - 16 желтоқсан
- Желтоқсан көтерілісіне – 35 жыл
- ҚР тәуелсіздігін алған танушы мемлекет Түркия
- ҚР тәуелсіздігі мәңгілік
- Қазақстан Мәңгілік Ел
- Ойымды ортаға еркін айтамын
- Тәуелсіздікті сақтауға үлес қосамын
- Қазақстанды сүйемін
Сәті келген сұхбат:
Сабаққа қатысушы оқушылардан сұхбат алу
1. Оқушылардың өз ойларын жеткізудегі көңіліңізден шықты ма?
2. Мәңгілік Ел болашағы қандай болады деген пікіріңіз бар?
3.Сіздің көңіл күйіңіз?