15
декабрь
2023
Тарих және география пәндерінің айлық іс-шарасының ашылуы.

Амангелді атындағы шағын орталықты орта мектепте тарих және география пәндерінің «Тарих ғасырлар куәсі. География-өмірлік маңызы бар ғылым» атты тақырыбындағы айлық іс –шарасының ашылу салтанаты өтті.
Іс-шара барысында "Қазына" пәндік әдіс бірлестігінің мүшесі Манабаева Райхан барша ұстаздарды, оқушыларды айлық іс-шараның ашылуымен құттықтады. Еліміздің Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында өткелі отырғандықтан, айтулы мерекемен ұстаздар қауымы мен оқушыларды құттықтау үшін және айлық іс-шараны ашып беру үшін сөз кезегі мектеп директорының у.м.а Саденов Нұржан ағайға берілді. Оқушылардың қызығушылығын арттыру барысында пән апталықтарының орны ерекше. «Айлық іс-шара аясында өткізілетін іс-шаралар пән бойынша білімді тереңдетуге, теориялық білімді күнделікті өмірде қолдана білу қабілетін қалыптастыруға, сонымен бірге білім алушылардың шығармашылық, көшбасшылық қабілеттерін дамытуға, мамандыққа кәсіби тұрғыдан бағдарлануына оң ықпал етеді", - деп Абдыкашева Айбану апай атап өтті.
Алдағы осы бір айлық іс –шарада өтілетін жоспарларымызбен таныстырып, пән мұғалімдері ашық сабақтар, сайыс сабақтар және сыныптан тыс жұмыстар жүргізілетіндігін айтып, бірлестік жоспарымен таныстырды. . Барша оқушыларды және ұстаздарды осы өтілетін іс- шараларға атсалысуға шақырды. Айлық іс-шараға арнайы тарих және география пәндеріне қатысты қабырға стенділері жасалынды. Ашылу салтанатын мектебіміздің 5- сынып оқушыларының орындауында «Атамекен» әнімен қорытындыланды.